Аймақтар • 28 Шілде, 2019

Петропавлдық кәсіпкер аллея салуға 10 миллион теңге бөлді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл көшесі бойында көп жылдар бойы бос тұрған алаңқай енді тұрғындар серуендейтін аллеяға айналатын болады.

Петропавлдық кәсіпкер аллея салуға 10 миллион теңге бөлді

Жуырда оның қоршауы алынып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Аумақты жеке кәсіпкер Константин Полтавец абаттандырып, қалалықтарға тарту етпекші.

  «Асфальт не жай өрнектас төсемек болған бастапқы ойымнан айнып, адамдар тынығатын  демалыс орнын жасауды шештім. Жақын маңда көпестердің үйлері шоғырланған.  Сондықтан тарихи стильге басымдық беріп отырмын», дейді «Полтавец» ЖШС-нің директоры.

Бүгінде алаңқай  күл-қоқыстан тазартылып, өрнектас төселіп қойыпты. Көп кешікпей шырша көшеттері отырғызылып, ағылшындық жап-жасыл газон  төселеді. Орындықтар,  жарықшамдар орнатылады.

“Интеллект-Север” ЖШС бас инженер Андрей Колесниековтың айтуынша, жарықшамдар шойыннан құйылып, өте әдемі көрінеді.  Аллеямен қоса  көлік тұрағы да бой көтереді

Солтүстік Қазақстан облысы